«Корпорация Нукер» ЖШС 1996 жылы құрылған. Қызметінің негізгі түрі болып теміржол, су және әуе көліктерімен жүк тасымалдау кезінде бір жолғы қолданыстағы күзет құралы ретінде кеңінен қолданылатын ілмекті – пломбалау құрылғыларын (ІПҚ) жасау, өндіру және сату табылады.
Компания «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры тобының ұлттық тауар өндірушілері реестрінде тіркелген, СТ KZ үлгісіндегі тауардың шығу тегі туралы сертификаты бар және қазақстандық құрамның 95% екендігін куәландырады. Өнім Қазақстан Республикасының патентімен және Еуразия патентімен қорғалған.
«Корпорация Нукер» ЖШС пломбалау құрылғыларының ғылыми ойластырылуынан бастап сериялы түрдегі өндірісіне дейінгі жолды жүріп, бүгінде ҚР аумағында да, сондай-ақ, одан тысқары жерде де берік ІПҚ жетекші өндірушісі болып табылады және өзін сапалы, әрі сенімді өнім шығарушы ретінде көрсете білді.
— «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ,
— Қырғыз темір жолдары,
— ТЭК АНПЗ – Транс ЖШС,
— «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС,
— «Корпорация Қазақмыс» ЖШС,
— «Тенгизшевройл» ЖШС,
— «Жайықмұнай» ЖШС,
— «Топливно-транспортное компания» ЖШС,
— «Қазақстан астық компаниясы» ЖШС,
— «Конденсат» АҚ,
— “Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы ҰК” АҚ,
— «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ,
— «Қазақстан Алюминийі» АҚ,
— «Арселлор Миталл Темиртау» АҚ,
— «Холдинг Қазэкспортастық» АҚ,
— «Қазтрансервис» АҚ және т.б..