Габариты корпуса – 36*35*24 мм;
Длина стального троса – 400-560 мм;
Диаметр троса – 5,2 мм;
Масса ЗПУ не менее – 120 гр;
Усилие на размыкание – не менее 18,0 кН.
«Нукер Гарант» ілмекті пломбалау құрылғысы бір жолғы қолданысқа арналған күзет құралдарының тобына жатады. Әр түрлі вагондарды (жабық, рефрижераторлық вагондар, цистерналар, жүк арту люктері бар ригельді вагондар, вагон – хопперлер, автомобильдерді тасымалдауға арналған жабық вагондар), республика ішіндегі және халықаралық қатынастардағы үлкен және орта тонналық контейнерлерді бір уақытта құлыптап, пломбалауға арналған, сондай-ақ, бақылауды және заңсыз қол сұғудан қорғауды қажет ететін өзге де объектілерге қолдануға болады.
«Нукер Гарант» ілмекті – пломбалау құрылғысы қуатты ІПҚ болып табылады, сым өткізетін тесіктерінің көлемі 5,2 мм кем емес өзге де күзетілетін объектілерді, сым өткізетін көздері бар, құлыптайтын торабы бүлінген заттарды бақылауда ұстауды және заңсыз қол сұғудан қорғауды қамтамасыз етеді. Бұл ІПҚ тағы бір ерекшелігі болып оны қолданудың қарапайымдылығы мен сапалылығы және бұл бұйымның барлық белгіленген техникалық талаптарға толық сәйкестігі табылады. «Нукер Гарант» ілмекті – пломбалау құрылғысы барлық кешенді сынақтардан өткен және «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ нұсқауымен Қазақстан ішінде де, сондай-ақ, мемлекетаралық қатынастарда да жылжымалы құрамдардың барлық түрлерін пломбалауға рұқсат етілген. Ілмекті – пломбалау құрылғысының конструкциясы Қазақстан Республикасының патентімен және Еуразиялық патентпен қорғалған.