КАЧЕСТВО, НАДЕЖНОСТЬ, СОХРАННОСТЬ Бас кеңсесі: 8 (727) 258-44-90
КАЧЕСТВО, НАДЕЖНОСТЬ, СОХРАННОСТЬ
 

«Нукер-Блок» ІПҚ

Техниқалық сипаттамалары:

Корпустың көлемі – 44*26*14 мм;
Болат тростың ұзындығы – 400-560 мм;
Тростың диаметрі – 5,2 мм;
ІПҚ жиынтық салмағы – 100 гр;
Ажыратуға қажет күш – 18,0 кН кем емес.

Мақсаты:

«Нукер-Блок» ілмекті пломбалау құрылғысы бір жолғы қолданысқа арналған күзет құралдарының тобына жататын, ілмек тораптарындағы саңылауы 5 мм кем емес жүк көліктерінің есіктерін құлыптап, сенімді түрде блоктауға арналған әмбебап құрылғы болып табылады. Әр түрлі вагондарды (жабық, рефрижераторлық вагондар, қосқұлақты және ригельді жүк арту люктері бар цистерналар, вагон – хопперлер, автомобильдерді тасымалдауға арналған жабық вагондар), республика ішіндегі және тек Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан бағытындағы халықаралық қатынастардағы контейнерлерді блоктауға арналған.

Артықшылықтар:

«Нукер-Блок» ілмекті пломбалау құрылғысы қуатты ІПҚ болып табылады және сым өткізетін тесіктерінің көлемі 5,2 мм кем емес өзге де күзетілетін объектілерді, сым өткізетін көздері бар, құлыптайтын торабы бүлінген заттарды бақылауда ұстауды және заңсыз қол сұғудан қорғауды қамтамасыз етеді. Бұл ІПҚ тағы бір ерекшелігі болып оны қолданудың қарапайымдылығы мен барлық белгіленген техникалық талаптарға сәйкестігі табылады. «Нукер-Блок» ілмекті – пломбалау құрылғысы барлық қажетті кешенді зертханалық сынақтардан өткен және Қазақстан Республикасының патентімен қорғалған.

 
Жобаны әзірлеу —