Компания туралы«Корпорация Нукер» ЖШС 1996 жылы құрылған. Қызметінің негізгі түрі болып теміржол, су және әуе көліктерімен жүк тасымалдау кезінде бір жолғы қолданыстағы күзет құралы ретінде кеңінен қолданылатын ілмекті – пломбалау құрылғыларын (ІПҚ) жасау, өндіру және сату табылады. Компания «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры тобының ұлттық тауар өндірушілері реестрінде тіркелген, СТ KZ үлгісіндегі тауардың шығу тегі туралы сертификаты бар және қазақстандық құрамның 95% екендігін куәландырады. Өнім Қазақстан Республикасының патентімен және Еуразия патентімен қорғалған. «Корпорация Нукер» ЖШС пломбалау құрылғыларының ғылыми ойластырылуынан бастап сериялы түрдегі өндірісіне дейінгі жолды жүріп, бүгінде ҚР аумағында да, сондай-ақ, одан тысқары жерде де берік ІПҚ жетекші өндірушісі болып табылады және өзін сапалы, әрі сенімді өнім шығарушы ретінде көрсете білді. Қазіргі таңда, біз ілмекті – пломбалау құрылғылары мен индикаторлық пломбалардың келесі түрлерін ұсына аламыз: — «Нукер-Гарант»— «Мини Нукер 2»— «Нукер-Блок»— «Нукер Пласт»Пломбалардың барлық түрлері қажетті зертханалық сынақтардан өткізілген және өнімнің осы түрі қойылатын техникалық талаптарға сәйкес келеді. Корпорацияның ең ірі клиенттерінің қатарында бар: — «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ, — Қырғыз темір жолдары, — ТЭК АНПЗ – Транс ЖШС, — «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС, — «Корпорация Қазақмыс» ЖШС, — «Тенгизшевройл» ЖШС, — «Жайықмұнай» ЖШС, — «Топливно-транспортное компания» ЖШС, — «Қазақстан астық компаниясы» ЖШС, — «Конденсат» АҚ, — “Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы ҰК” АҚ, — «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, — «Қазақстан Алюминийі» АҚ, — «Арселлор Миталл Темиртау» АҚ, — «Холдинг Қазэкспортастық» АҚ, — «Қазтрансервис» АҚ және т.б.. |